KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Омартаға барамыз деп жоғалып кеткен – ШҚО

4.12.2023, 20:00 193 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-ның Глубокое ауданында негізсіз тәуекелге барған төрт адам төтенше жағдайға тап болды.

 

Бірнеше күн бұрын үш азамат пен 13 жастағы бала омартаға жол тартып, қайта оралмаған. Бүгін құтқарушылар оларды іздеуге шықты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Белгілі болғандай, олардың көлігі бұзылып, қайта орала алмай қалған екен.

 

Көмекке ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келді.  Қар жауғанда көлік қозғалысы қиындайтын жерлермен жүріп өтіп, Киреевка ауылына жетті. Жоғалып кеткен адамдар осы ауылдан 3 шақырым жердегі омартадан табылып, өтімділігі жоғары техникамен Өскемен қаласына жеткізілді.

 

ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, оларға медициналық көмек қажет болмаған.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив