Суық ауа райының сіз білмейтін қаупі айтылды
sputnik.kz
Аптап жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттырады, бірақ бұл қауіп суық ауа райында да кездесуі мүмкін.
Кардиологтардың сөзінше, адамдар қыста жазға қарағанда инсульт пен инфаркттан жиі көз жұмады, - деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Кардиолог Ольга Бокерияның айтуынша, жақында жүргізілген ауқымды зерттеулердің бірі қақаған аяз жүрек ауруынан болатын өлім қаупін арттыратынын көрсетіпті. Оның үстіне бұл жағдай қатты ыстыққа қарағанда әлдеқайда жиі болады екен. Еңбек авторлары 40 жыл ішінде 32 миллионнан аса жүрек-қан тамырлары өлімі туралы деректерді талдаған. Осы жұмыстың нәтижелеріне сәйкес, суық ауа райында бұл жағдай ыстыққа қарағанда 4 есе көп болған екен.
"Шамадан тыс суық температура әлдеқайда қауіпті болды. Ишемиялық аурудан өлім қаупі 33 пайызға, ишемиялық инсульттан өлім қаупі 32 пайызға, жүрек ауруынан өлім қаупі 37 пайызға өсті", - деді Ольга Бокерия.
Кардиологтың пікірінше, суықта дене қалыпты дене температурасын ұстап тұру үшін өзгеріске түседі. Ал ол үшін жүрек қарқынды жұмыс істеуі керек.
"Бұл жүрек соғысы жиілігі мен қан қысымының жоғарылауынан көрінеді. Сондай-ақ, суықта қан қоюлануы мүмкін, бұл инфаркт пен инсульт қаупін арттырады", - дейді маман.