KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 5,2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Полицейлер жолда қалған жолаушыларға ыстық шай ұсынды - ШҚО

14.12.2023, 17:00 159 Айна Ескенқызы

ШҚО полицейлері қолайсыз ауа райында жолда қалған жүк көліктерінің жүргізушілеріне тамақ пен ыстық шай ұсынды.

 

Бірнеше күннен бері өңірде қатты аяз болып, барлық бағыттағы жолдар таңертеңге дейін дизельді көліктер үшін жабылды. Бұл жағдай, әсіресе, жүк көлігінің жүргізушілері үшін аса қиынға соқты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Осы ретте өңірдің тәртіп сақшылары жолда қалған жүргізушілер мен жолаушыларға тамақ пен ыстық шай беріп, қолдан келген көмектерін ұсынған.

 

- Патрульдік полиция қызметкерлері жүк көліктері жүргізушілеріне ыстық шай және тағамдар ұсынып, жол бойында олар қандай да бір көмекке мұқтаж ба екенін сұрады. “Біздің полицияға рахмет! Жарайсыңдар жігіттер! - деп ризашылығын білдірді жүргізушілердің бірі.

 

Тәртіп сақшылары аса қажет болмаса алыс жолға шықпауды және мүмкіндігінше сапарды кейінге қалдыруға шақырады. Егер шығу қажет болса, көлік құралын мұқият тексеруден өткізу керек.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив