KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Риддердің қоғам белсенділері қалалық ЖЭО жұмысымен танысты

16.12.2023, 16:40 144

Бүгін Риддер қаласының қоғам белсенділері мен ПИК өкілдері қалалық ЖЭО-ға барып, жылу беруде ешқандай мәселенің жоқ екеніне көз жеткізді.

 

Қазіргі уақытта ЖЭО-да төрт қазандық жұмыс істеп тұр. Олардың үшеуі орташа және біреуі жоғары қысымдағы қазандық.  Тағы екеуі резервте тұр. Бұл туралы кәсіпорын өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

 

Қала тұрғындарына барлық қазандықтардың жұмысы, басқару пульті көрсетілді, температура деңгейін көтеру бойынша жұмыстың қалай жүргізілетіні айтылды. Сондай-ақ ЖЭО-ның неліктен әлі күнге дейін толық қуатында жұмыс істемей тұрғаны да түсіндірді. Мәселе мынада – жабдықты жаңартқаннан кейін толық баптау және тестілеу жұмыстарын жүргізу қажет.

– Егер қазандықтарды тестілеу режимінсіз толық қуатына қоссақ, бұл үлкен проблемаларға соқтыруы мүмкін. Жылу желісінің құбырлары мұндай қысымға төтеп бере алмауы мүмкін, өйткені олар ескірген, – деп түсіндірді ЖЭО қызметкерлері.


Өз кезегінде, қала тұрғындары басшылыққа өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ағымдағы жағдайды талқылады және бірнеше күн бойы әлеуметтік желілерде таратылып жатқан қазандықтардың тоқтағаны туралы жалған ақпарат туралы өз пікірлерін білдірді.

– Біз ЖЭО-ны аралап шығып, мұнда жұмыстардың жоспар бойынша жүргізіліп жатқанына көз жеткіздік. Барлық қазандықтар жұмыс істеп тұр. Біз қала тұрғындарын қауесеттерге сенбеуге және қандай да бір сұрақтар туындаса, қалалық әкімдікке немесе Қоғамдық кеңеске жүгінуге шақырамыз, – деді Риддер қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Сергей Евщиков.


Жылу көзінің жұмысымен танысып, кәсіпорынның қалай жұмыс істейтінін өз көздерімен көрген олар жылу мен электр қуатын беруде кідірістерге әкелетін сорғылар тұрғындар тарапынан аз қолданылу қажет деген қорытындыға келді. Қоғам белсенділері осы бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив