Көпбалалы отбасы баспаналы болды - ШҚО
Күршім ауылдық округіне қарасты Алғабас ауылында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында жаңа үйдің құрылысы аяқталып, кілті көпбалалы отбасына табысталды.
«Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы өңірімізде тұрғын үй мәселесін шешуге оңтайлы септігін тигізіп келеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Бір айта кетерлігі, заманауи технологиямен салынған жаңа баспаналар барлық қажетті инфраструктурамен жабдықталған.
– Үйіміз жақсы, жылы, бөлмелері жарық. Су тартылған. Жуынатын бөлмесі де бар. Барлық жағдай жасалған. Тәуелсіздік күні қарсаңында баспаналы болып, отбасымызбен қуанып жатырмыз. – дейді көпбалалы ана Гүлзат Құмарбекова.
Айта кетейік, өңір тұрғындарын баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасын таба береді.
Оқи отырыңыз