KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОБ
488.26 530.54 5.03

Күршім ауданының инвестициялық тартымдылығы артады

Фото: Altaynews.kz

21.12.2023, 20:20 130

Бұқтырма су қоймасында салынып жатқан көпір ашылғаннан кейін Күршім өңірінің бет-бейнесі өзгеріп, инвестициялық тартымдылығы артпақ.

 

Бұл туралы Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышев айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Аудан әкімі көпір құрылысы біткен соң Күршімнің инвестициялық тартымдылығы артып, қаржы құйылатынына сенімді. Себебі, ауданда пайдалы қазба байлықтары, балық шаруашылығымен айналысуға қолайы су көздері жеткілікті, аудандағы ауыл шаруашылығы жерлерінің бал бонитеті де аса жоғары.

 

- Жазда паром күтіп, қыста мұздың үстімен, айналма жолмен жүріп жететін Күршім өңірі өндіріске, бизнеске қаржы салуға қолайсыздау. Сондықтан, ауданда негізінен, кен байыту, өндіру тәрізді рентабельділігі жоғары өндірістер түрі ғана жұмыс істеп келеді, - дейді  Алмат Ақышев.

 

Дегенмен, ауданда былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 45,5 пайызға, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 11,8 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 22,1 пайызға,  бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 19,4 пайызға,  негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 52,3 пайызға өскенін мәлімдеді.

 

 «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» бағдарламасы шеңберінде аудандағы  33 шаруа қожалығы мен жеке кәсіпкер 250 бас ірі қара мал және 105 бас жылқы сатып алу үшін 168,8 млн.теңгеге несие алған.

 

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мал шаруашылығын дамытуға 39 кәсіпкер 169,6 млн теңгенің несиесіне 123 бас ірі қара мал, 120 бас жылқы сатып алған.

 

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру бағытында ауданнның жеті тұрғыны  9,6 млн теңгенің  мемлекеттік грантын алған. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 32 адам 222,4 млн.теңгенің несие қаражатына 356 бас ірі қара мал, 146 бас жылқы,  355 бас ұсақ мал сатып алған. Күршім ауылында жеке кәсіпкер «АДИ» жартылай фабрикатты өнімдер даярлау  цехын ашқан.

 

11 айда аудан бойынша 1228 жұмыс орны ашылған, оның ішінде тұрақты жұмыс орны – 773. Тұрғындар ГРК «МЛД» серіктестігінің «Қаршыға» кен байыту кәсіпорнына, «Визол» ЖШС кәсіпорыны, «Төретоғам» балық зауыты сияқты ірі кәсіпорындар мен бюджеттік мекемелерге жұмысқа орналасқан.

 

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив