KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Риддер мектептері болашақ инженерлер мен өнертапқыштарды қалай дайындау керектігін біледі

22.12.2023, 19:00 216

Риддер мектептері инженерлік ойлауды, 3D-модельдеуді және IT-құзыреттілікті дамыту аясында оқушыларды даярлау бойынша облыстың басқа аудандарындағы педагогтармен тәжірибе бөлісті.

 

Кеншілер қаласының мектеп оқушылары халықаралық олимпиадалар мен конкурстарда жақсы нәтиже көрсетуде, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Мәселен, №1 мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы Иван Грибенщиков 2022-2023 оқу жылында "Дезинфекциялаушы робот" жобасымен "Зерде" және "Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам" байқауларының барлық кезеңдерінен өтті. Ел құрамасында оқушы Индонезиядағы ғылыми жобалар байқауының халықаралық кезеңіне қатысып, алтын медаль жеңіп алды. Қазіргі уақытта Иван сыныптасы Артемий Нечаевпен бірге "Ақылды рюкзак" жобасы бойынша жұмыс істеуде, ол жоба да ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңінде 1 орынға ие болып, облыстық кезеңге өтті.

 

Биылғы оқу жылында 10 сынып оқушысы Әмір Базылханов іріктеу кезеңінен өтіп, Қытайдағы робототехника бойынша халықаралық байқаудың жүлдегері атанды.

 

ШҚО білім басқармасының хабарлауынша, Риддер мектептерінде мұндай жетістіктер көп, сондықтан олар болашақ инженерлерді қалай дайындау керектігін көрсету үшін облыстың түкпір-түкпірінен педагогтарды шақырған.

 

- Қала мектептерінің 70%-ы оқушылардың IT-құзыреттілігін дамытуда, робототехника мен модельдеуде жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Бүгін көшпелі алқа отырысы аясында Риддер педагогтары мен оқушыларының жетістіктері мұғалімдерге, облыс аудандары білім бөлімдерінің басшыларына көрсетілді, – деді ШҚО білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.

 

Мектептер арасында меморандум жасалатын болады, оның аясында болашақ инженерлер мен IT-фестиваль чемпиондарын даярлау бойынша тәжірибе алмасу жоспарланбақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив