KZ
Өскемен
+23°
ясно жел 3 м/с, С
481.19 538.45 5.18

Экобиологиялық конференция өтті

17.04.2012, 18:00 141



Облыс орталығындағы оқу-зерттеу экобиоорталығының құрылғанына 60 жыл толуына орай Өскемен қаласының әкімшілігі мектеп оқушыларының арасында облыстық экологиялық-биологиялық конференциясын өткізген болатын.

Бұл конференцияға Аягөз қаласынан 4 оқушы қатысып, жеті түрлі секция бойынша өз жұмыстарын қорғады. Олардың төртеуі де бірінші орынға ие болды. Жеңіске жеткендер гимназияның 11-сынып оқушылары Сая Каримова, Гүлдана Байахметова (жетекшілері - Ү.Момаханова, А.Қасенова), №7 орта мектептің 10-сынып оқушысы Дана Кенжешова (жетекшісі - Г.Нұршанова) және №5 орта мектептің 9-сынып оқушысы Нәсіпбек Қуандық (жетекшісі - А.Шонашева).

Осындай зияткер оқушыларды дайындаған мектеп ұстаздарының еңбегі ерен.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив