ШҚО-да есту қабілеті бұзылған балаларды оңалтудың жаңа әдістерін енгізіп жатыр
damu.kz - Шартты сурет
Өскемендік дефектологтар авторлық логопедиялық оқу құралдарын шығарды.
Әдістеме қазақ және орыс тілдерінде басылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Оқу бағдарламасы үй жағдайында пайдалануға ыңғайлы және ұялы телефон арқылы қолдануға бейімделген. Мәселен, бала гаджеттегі аудиоқосымша арқылы әріптерді оқып, дыбыстауды үйренеді. Мамандардың айтуынша, жаңа әдістеме бойынша жүргізілген сабақтарға қатысқан балалар екі айдан соң сөйлей бастайды екен. Бұл жоба ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қолдау тапты. Оны жүзеге асыруға 100 миллион теңге бөлінді. Алдағы уақытта ғылыми әдістеме еліміздегі арнайы мектептердің оқу бағдарламаларына енгізілмек.