KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

Көкпектіде республикалық ақындар айтысы басталды

16.11.2017, 08:05 313

Көкпекті ауданында Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдық торқалы тойына орай республикалық айтыс аламаны басталды.


Айтыс басталмас бұрын мерейтой иесінің тағылымды өмірі мен тартымды шығармаларынан сыр шертетін зал ашылды. Сондай-ақ өңірдегі атымтай азаматтардың көмегімен аудандық мәдениет үйінің алдына ақтангер ақынның кеуде мүсіні қойылды.


Айтыс тізгінін ақын Жүрсін Ерман ұстап отыр. Қазылар қатарында Қонысбай Әбілов, Нұржан Қуантайұлы, Аманжол Әлтаев, Дәмеш Омарғалиева қатарлы сөз зергерлері бар.

Айтыс аламанында Ринат Зайытов, Рүстем Қайыртайұлы, Аспанбек Шұғатаев, Оңғар Қабденов бастаған еліміздің әр түкпірінен он ақын қатысуда.


Айтыстың өту барысы мен қорытындысын, жыр додасы аяқталған соң айтатын боламыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив