KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Өскеменде І Петрге ескерткіш қою мәселесі мүлдем қарастырылған емес

20.01.2014, 18:00 212



Бүгін Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық мұрағат және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрболат Ахметжанов журналистермен брифинг өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Басқосуда Өскемен қаласының 300 жылдық мерейтойына орай, қалада І Петрдің ескерткішін орнату жоспары туралы ақпараттың анық-қанығы жөнінде айтылды.

Мәдениет басқармасы өкілінің мәлімдеуінше, мәселені талқылап, ушықтыруға еш негіз жоқ. Санкт-Петербург пен Өскемен басшылығы арасында ескерткіш орнату туралы ресми келісім болған емес.

- Қоғам өкілдерімен кездесуде облыс басшылығы тарапынан қаланың дамуына сүбелі үлес қосқан тұлғалардың есімін тарихи жадыда мәңгілік сақтаудың құптарлық іс екендігі жайлы айтылған болатын. Осылайша, 2013 жылы облыс орталығында белгілі қоғам қайраткері Н. Протозановтың, еңбек сіңірген металлург әрі «Халық қаһарманы» А. Күленовтің кеуде мүсіндері және атақты жазушы, драматург О. Бөкейдің ескерткіштері орнатылды. Ал орыс императоры І Петрге ескерткіш қою мәселесі мүлдем қарастырылған емес,-дейді Нұрболат Ахметжанов.


Дарын Нұрсапаров
Видео: Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив