KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2,6 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да қарттарға арналған түрлі үйірмелер ашу ұсынылды

Фото: fakty.ua

19.01.2024, 16:00 148 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-ның ауылдары мен аудан орталықтарында тұрғындардың қызығушылықтарына қарай үйірмелер ашып, денешынықтыру бойынша топтық жаттығулар өткізілмек, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Бұл туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өткен жыл бойынша берген есебі кезінде айтылды.

 

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев қарияларға өз ойын білдіру үшін жағдай жасау қажеттігін атап өтті. Әлеуметтену осыдан басталады.

- Алтай ауданының мысалында басқа аудан орталықтары мен ауылдарда қарт адамдар үшін бос уақытты ұйымдастыру қажет, - дейді өңір басшысы. – Мысалы, сауықтыру гимнастикасы сабақтарын мектептердің спорт залдары немесе спорт модульдері бос болған кезде кешке қарай өткізуге болады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив