Жер сілкінісі болған жағдайда дүрбелеңді барынша азайту керек – ШҚО әкімі
Фото: instagram.com/shko.akim.official
Аймақ басшысы Ермек Көшербаев халықпен профилактикалық жұмысты күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
23 қаңтарда Алматыдағы жер сілкінісі мәселесі талқыланған Үкімет отырысынан кейін ШҚО әкімі облыстық басқармалардың басшыларымен, қалалар мен аудандардың әкімдерімен кеңес өткізді.
Қазірдің өзінде үш ай сайын барлық ірі кәсіпорындарда, мектептерде, колледждерде және өзге де мекемелерде оқыту семинарлары, оқу-жаттығулар және басқа да іс-шаралар өткізіледі. Онда мамандар мұндай жағдайда өзін қалай ұстау керектігі, арнайы сөмкеде не болу керектігі және қандай алгоритмді басшылыққа алу қажеттігі туралы нақты және егжей-тегжейлі айтады.
Айжанат Бақытқызы