KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
491.7 531.28 5.07

Шығыс Қазақстанда педиатрлар мен медбикелер оқытылды

5.02.2024, 16:23 201 Айна Ескенқызы

Өңірдің медициналық ұйымының педиатрлары, жалпы практика дәрігерлері, медбикелері мен фельдшерлері үшін 0 жастан 5 жасқа дейінгі дені сау және науқас баланы дұрыс басқару, жас балаларды тамақтандыру бойынша тренинг өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сабақты ШҚО денсаулық сақтау басқармасының бас педиатры, балалар жасындағы ауруларды интеграцияланған басқару және патронаж қызметінің әмбебап прогрессивті моделі жөніндегі облыстық үйлестіруші Гүл Құсайынова жүргізді. Сабақтың мақсаты - балалар мен сәбилер өлімінің, балалар мүгедектігінің көрсеткішін төмендету, балаларға медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту.

- Тренинг барысында педиатрлар мен медбикелер науқас баланы қалай басқаруға болатынын, жөтел немесе тыныс алудың қиындауы, диарея, қалтырау, тамақ ауруы, құлақ аурулары, анемия, сарғаю, төмен салмақ сияқты қауіптің жалпы белгілерін бағалауды және жіктеуді үйренді. Біз сондай-ақ емхана жағдайында және үйде науқас балаларды тексеруді қалай жүргізуге болатынына баса назар аудардық, - деді Гүл Мәдиқызы.

Тренингке қатысушылар жаңа туған нәрестеден бес жасқа дейінгі науқас балғындардың жағдайын бағалады, оларды жіктеп, емдеу тәсілдерін қарастырды. Көптеген проблемалық мәселелер талқыланды, ауру тарихы талданды, нақты жағдайлар бойынша түсініктемелер берілді (мысалы, полипрагмазияны, ауруханаға негізсіз жатқызуды болдырмау).

Сонымен қатар тренинг 6 айдан 2 жасқа дейінгі дені сау балалар үшін ғана емес, ауру балалар үшін де (анемия, БЭН және басқалар) дұрыс қосымша тағамдарды дайындау тәжірибесіне арналды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив