Ресейде мұнай құбырларын коррозиядан қорғау үшін алма пайдаланылмақ
Ресейдің Балтық федералды университеті мен Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғалымдары мұнай құбырларын коррозиядан қорғауға арналған жаңа жабынды жасады,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Nauka.tass.ru порталына сілтеме жасап.
Бұл жабынның құрамына алмадағы пектинмен тұрақтандырылған мыс пен күмістен тұратын биметалды микробөлшектер кіреді. Бұл микробөлшектер құрамында күкірт бар органикалық қосылыстарды тиімді байланыстырып, мұнайдың құрамындағы күкірт әсерінен болатын құбырлардың тотығуын тежейді.
Мұнай құрамында кездесетін күкіртті қосылыстар металдарды тотығып, оның беріктігін азайтады. Бұл әсіресе мұнай құбырлары үшін қауіпті. Коррозиядан қорғау жолдарын іздестіру — күрделі мәселе, сондықтан мұндай экологиялық маңызды жобалардың маңызы зор.
Ғалымдар мұнай құбырларын қорғау үшін мыс пен күмістен тұратын биметалды микробөлшектерді қолдануды ұсынды. Бұл микробөлшектер мұнаймен жанасатын металл бетіне жағылып, коррозия тудыратын күкіртті қосылыстарды өзіне тартып, құбырды қорғауға көмектеседі. Мыс пен күміс күкіртпен жақсы әрекеттесіп, тотығуды азайтуға септігін тигізеді.
Ғалымдар күміс нанобөлшектерінің бетіне мыс шөгеріп, оларды алма пектинінде еріту арқылы микробөлшектер алды. Алма пектині бөлшектердің тұрақтылығын қамтамасыз ететін экологиялық таза табиғи материал ретінде қолданылды.
Зерттеу нәтижелері Journal of Ecological Engineering журналында жарияланды.