KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
491.7 531.28 5.07

Баланы көлікке бос отырғыза салуға болмайды

15.11.2017, 09:51 91

16 қараша күні сағат 11-де жол полициясы қызметкерлері балаларға арналған қауіпсіздік белдігін және орындықты дұрыс пайдалану сұрақтары бойынша мастер-класс өткізеді.


Барлық ниет білдірген жүргізушілерге жол және техникалық инспекция бөлімінің мамандары автобесік, бустер, балалар креслосын, сондай-ақ адапторларды автомобильдің орындығына қалай дұрыс орнату керектігін көрсетеді.


-Көпшілік көлікте баланы қолға ұстап отыратынын айтады. Бұл – үлкен қателік. Қақтығысу, кенеттен тежегішті басу немесе соғылу барысында сағатына 50 шақырым жылдамдықта жолаушының салмағы 30 есеге өседі. Егер баланың салмағы 10 кг болса, соғылу кезінде ол 300 кг дейін ұлғаяды және оны алдыңғы креслоға немесе көліктің алдыңғы терезесіне соғылудан сақтау мүмкін емес. Баланы қолға ұстап отыру қауіпті. Сонымен қатар баламен бірге бір қауіпсіз белдігін тағынуға болмайды. Апат жағдайында ересек адам баланы өз салмағымен жаншып жіберуі мүмкін,-деп түсіндіреді тәртіп сақшылары.


Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, қауіпсіздік құрылғыларын пайдаланудың арқасында жолаушы балалар арасындағы өлім 54 пайызға азайып, жарақат алу қаупі 70 пайызға төмендеген.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив