Ұлан ауданында су тоғандары қатаң бақылауға алынды
Күннің күрт жылынуына және таулы аймақтарда жаңбыр жаууына байланысты облыстағы өзен-сулар арнасынан асып ағып жатыр.
Осы ретте Ұлан ауданында да жергілікті билік пен арнайы құрылымдар тарапынан күшейтілген режимде қарғын судың алдын алу жұмыстары қолға алынған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Әсіресе, тоғандар мен өзен арналары жіті тексерілуде. Дегенмен жағалаулардағы ауыл тұрғындарына тасқын қаупі төніп тұрған жоқ. Бүгін өңірде ауа температурасы біраз төмендеген.
Ұлан ауданындағы Мамай су жинағыш тоғаны ерекше бақылауға алынып отыр. Егер қызыл су жүре қалса немесе тасқын болған жағдайда тиісті жұмыстар жедел атқарылады. Ол үшін техникалар да, адам күші де сақадай сай тұр.