KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 5,2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

«Пони драйвинг» - Риддерде ат спортын дамытудағы тың жоба

23.02.2024, 17:40 116

Шығыстың шырайлы Риддер қаласында  тұратын Екатерина Худякованы жоғары медициналық білімі болса да, басқа салада бақытын тапқан жанның бірі деп айтуға толықтай негіз бар. Ол «G.HORS.RIDDER» ат-пони клубының жетекшісі, «Пони драйвинг» жобасының авторы негізінде өңірде ерекше игілікті істі қолға алған.

Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және ат спортымен айналысуға қызығушылығы бар, алайда  түрлі себептерге байланысты атқа отыра алмайтындарға понидің көмегімен қорқыныштарын жеңуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сонымен қатар былтыр ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өткізген «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауында Шығыс Қазақстандағы ат спортын дамытуға бағытталған «Пони драйвинг» жобасы «Мәдениет» номинациясында үздік атанып, үш миллион теңгенің грантына ие болған еді. Екатерина енді алдағы уақытта өз шаруашылығын дамытуды көздеп отырғанын айтты.

- Қазір біздің фермада төрт жылқы мен екі пони бар. Кішкентай жылқыларды көруге, оларға міну үшін ат клубына ата-аналарымен бірге көптеген жергілікті балалар келеді. Пониларым жергілікті жұлдыздарға айналды десем артық айтпағаным болар. Қала тұрғындары осы әсем жаратылыстардың сұлулығына таңдана отырып, олармен селфи және тақырыптық фотосессиялар жасайды. Туризмді дамыту бойынша бірнеше жобалар әзірлеп жатырмын. Айналамыздың барлығы орман. Осындай табиғат байлығын мейлінше дұрыс пайдалану керек деп ойлаймын, - деді Екатерина Худякова.

Шаруашылықтағы понилар қолға үйретілген. Сондай-ақ қауіпсіздік құралдарымен де жабдықталған. Екатерина өз жобасын одан әрі дамытуды көздеп отыр екен. Жеңіп алған қаржысына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алмақ. Оның ойынша, пони драйвингті біздің өңірде дамытудың келешегі зор. Әлеуеті де мол дейді.

 

Қуаныш Рахметоллаұлы

Фото: Аяужан Утеулинова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив