Риддер тұрғыны республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Риддерлік Екатерина Худякова ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өткізген «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы жеңімпаздарының қатарына кірді.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, биыл бизнес, ғылым, мәдениет, медиа және ақпараттық технологиялар саласындағы үздік 30 жоба авторларының әрқайсысына 3 миллион теңгенің гранты табыс етілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Салтанатты шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты кеңесінің өкілдері мен көрнекті қайраткерлер қатысты.
Пони өсірумен айналысатын Екатерина Худякованың Шығыс Қазақстандағы ат спортын дамытуға бағытталған «Пони драйвинг» жобасы «Мәдениет» номинациясында үздік атанды.