ШҚО актерлері «Театр барысы» республикалық турниріне қатысып жатыр

Астана қаласында Қазақстанның театр майталмандарының арасында қазақ күресінен турнир өтіп жатыр. Осы додаға ШҚО драма театрының актерлері де қатысуда.
«Театр барысы» 2-ші республикалық турнирі Халықаралық театр күніне орай өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Турнирде шығыстың намысын Арыстанбек Мұқият, Думан Дулатұлы, Жандос Салбанов қорғайды.
Жобаның басты мақсаты – елімізде мемлекеттік және мемлекеттік емес алпыстан астам театрлардың арасында ұлттық спортты дамытып, қазақ күресін кеңінен насихаттау, өңірлердегі театр актерлерінің бір-бірімен өнердегі шығармашылығын нығайту, сондай-ақ жастарымыздың талантты да мықты екенін көрсету мақсатында өтетін бұл турнирді дәстүрге айналдыру.
Турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтуде.