Жеке балабақшалар бюджеттен толыққанды қаржыландырылмай ма?
pixabay.com
ШҚО-да мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін 24 жекеменшік балабақша жеткілікті түрде қаржыландырылмайтынына шағым білдірді.
Балалақша иелері ШҚО Кәсіпкерлер палатасына жүгінген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Олар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесіне өзгерістер енгізуді сұрайды.
ШҚО Кәсіпкерлер палатасында айтылғандай, мемлекеттік балабақшалар бап бойынша қаржыландырылады, уәкілетті орган ұйымның барлық шығындарын ескереді, мәліметтерді нақтылау тетігі қолданылады. Мысалы, қызметкерлер біліктілігін арттырған жағдайда тиісінше еңбекақы қоры ұлғаяды және қосымша қаражат уақтылы бөлінеді.
Осыған байланысты арнайы жұмыс тобы жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірледі.
Сонымен қатар, оның айтуынша, балабақшалар іс жүзінде 12 сағат жұмыс істейді. Ал төлем Әдістемеге сәйкес тек 10,5 сағат үшін жүргізіледі. Қазіргі уақытта балабақша басшылығы қалған сағат үшін ақыны өз қаражатынан төлейді.
Өз кезегінде ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Нұртуған Маратұлы жұмыс тобының дәлелдерімен келісіп, әдістемені әзірлеуші Білім министрлігі екенін түсіндірді.
Осылайша, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша ШҚО білім басқармасына ҚР Білім министрлігінде Әдістемеге өзгерістер енгізуге бастамашылық жасауды, ал облыс прокуратурасына бұл мәселе туралы ҚР Бас прокуратурасына хабарлауды ұсынды.