С.Аманжолов университетінің студенті Дүниежүзілік жастар фестиваліне қатысты
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенті Ерболат Болатов Ресейде өткен бүкіләлемдік жастар фестиваліне қатысты. Фестивальдің басты мақсаты – бүкіл әлем жастары арасында байланыс орнату, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бизнес, медиа, халықаралық ынтымақтастық, мәдениет, ғылым, білім, еріктілік және спорт саласындағы 20 мың жас көшбасшы жоғарыда аталған салалардың үздіктерімен танысуға мүмкіндік алды. Жастар үшін танымал актерлармен, спортшылармен, ғалымдармен, министрлермен және Ресей президентімен кездесулер ұйымдастырылды.
Айта кетейік, Қазақстан делегациясының құрамында 300 адам болды.
Фото: С.Аманжолов атындағы ШҚУ