Бүгін Өскеменде би кеші өтеді
pexels.com
Би кешінде 80-ші, 90-шы жылдардың әндері орындалады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өскемен қаласының әкімдігі шығысқазақстандықтар және қаламыздың қонақтарын би кешіне шақырады.
- Сіздерді наурыз айының 23, 24 күндері сағат 19.00-де Өскемен қаласы “Комендантка” орталық алаңында өтетін 80-ші, 90-шы жылдардың би кешіне шақырамыз, - деп хабарлады Өскемен қалалық әкімдігі.
Жүргізушілер: Юлия Шандуро мен Азат Даутбеков. Кешті музыкамен әрлейтін - DJ Lucky.
Би кешіне кіру тегін.
Оқи отырыңыз