KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
485.11 523.82 5.02

Балалардың жазғы демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі шаралары тексеріледі – ШҚО

Фото: static.mk.ru

17.04.2024, 15:41 115 Ержан Әбіш

ШҚО-дағы балаларға арналған жазғы демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі шаралары жіті тексерілетін болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Күннің жылынуы өрт қаупін күшейтеді. Сондықтан аудан-қалалардағы өрт сөндіру бекеттері кез келген жағдайға дайын болуы керек. Сонымен қатар жазда өңір аумағындағы балалар лагерьлері өз жұмысын бастайды. Тілсіз жау айтып келмейді. Төтенше жағдай кезінде ең алдымен балаларды құтқару – басты міндетіміз, – деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақ басшысы төтенше жағдай кезінде лагерьлердегі демалушыларды эвакуациялау жолдары көрсетілген схемалар, нысанның өрт қауіпсіздігі ережелері мен шаралары туралы ақпарат орналасқан стендтер болуын міндеттеді.

Сондай-ақ оқу жылының соңына дейін облыс мектептерінде өрт қауіпсіздігі ережелері тақырыбындағы сабақтарды жүйелі жүргізіп, оқу-жаттығулар өткізуді тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив