KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 4 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

Алтай ауданында көлік жолына су жайылды

ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен

21.04.2024, 14:15 119 Назерке Каримова

Алтай ауданының Полянское ауылдық округінде бүгін Таволжанка өзенінің деңгейі көтеріліп, Дородница ауылына апаратын жолға су жайылды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған ауыл дөңде орналасқандықтан елді мекенге тасқын судан келер қауіп жоқ. Ал жолда көлік қозғалысына шектеу қойылмады.

Жауапты орындар жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстап отыр. Арнайы техникалар мен мамандар да сақадай сай дайын тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив