KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
444.14 477.05 4.85

ШҚО офтальмологтары қоғамының отырысы өтті

22.04.2024, 18:04 64 Айна Ескенқызы

Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының офтальмоонкологы, медицина ғылымдарының кандидаты Алуа Әубәкірова Шығыс Қазақстан облыстық офтальмологтар қоғамының отырысына  қатысып, маңызды тақырыпта баяндама жасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Ғалымның баяндамасы «көздің алдыңғы бөлігінің ісіктеріндегі қайталама глаукома» тақырыбына арналды, спикер өз сөзінде күрделі клиникалық жағдайларды талдап, асқынулардың себептерін талдауға егжей-тегжейлі тоқталды, офтальмологиялық практикадағы заманауи халықаралық тенденцияларды атап өтті, – деді ұйымдастырушылар.

Естеріңізге сала кетейік,  Өскемен қаласында  Шығыс Қазақстан облысының офтальмологтары  қоғамының отырысы өтті. ШҚО бас штаттан тыс офтальмологы Зарина Камасова қатысушыларды құттықтап, өңірдің офтальмологиялық қоғамдастығының алдында тұрған міндеттерді іске асыруда табысты жұмыс тіледі.  Басқосу интерактивті, жанданған диалог рухында өтіп, оған өңірдің  түкпір-түкпірінен жиналған офтальмологтар білімдері және тәжірибелерімен алмасты. Отырыс аясында маңызды тақырыптар бойынша үш баяндама жасалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив