KZ
Өскемен
-17°
туман жел 1 м/с, ОБ
515.97 537.8 5.25

«Қазақ тілі» қоғамының өкілдері Риддер тұрғындарын Көрісу күнімен құттықтады

" allowfullscreen>

14.03.2024, 14:29 221 0 Оразай Жеңісұлы

Наурызнаманың онкүндігі аясында «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының мүшелері Риддер тұрғындарын Көрісу күнімен құттықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Біздің тобымызда он адам бар. Өзімізбен бірге құрт, бауырсақ, ірімшік, тәтті-тәпсек секілді «наурыз-базарлық» ала жүріп, қала тұрғындарын құттықтап, жөн-жоралғы жасаймыз. Сондай-ақ барша адамға «Наурызама» ашықхаттарын табыстаймыз. Бұл ашықхаттарда Ұлыс күнін мерекелеу тұжырымдамасы егжей-тегжейлі жазылған», - дейді «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі Құралай Кәукенқызы.

«Қазақ тілі» халықаралық қоғамының мүшелері тұрғындарды құттықтап ғана қоймай,  айтулы күннің рәсімін көрсетеді.

– Бүгін туыс-туған, көрші-қолаң, дос-жаран бас қосып, өткен күннің өкпе-назын ұмытып, тату-тәтті қарым-қатынас орнатады. Сондай-ақ «Жаңа жасың құтты болсын!» деп тілек айту ләзім. Біз осы бір игі салт-дәстүрді кең насихаттағымыз келеді, – дейді спикер.

Іс-шараны ұйымдастырушылар бүгін қала әкімдігіне, Батыс Алтай мемлекеттік қорығына, қаладағы музыка мектебіне, №14, №16 орта мектептер мен «Шаңырақ» орта мектебіне, Риддер колледжіне, Халыққа қызмет көрсету орталығына және қаланың басқа да әлеуметтік нысандары мен мекемелерін аралап шығады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу

Пікірлер (0)