KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
485.11 523.82 5.02

ШҚО тұрғынынан 7 келі есірткі тәркіленді

Фото: ШҚО ПД

23.04.2024, 10:30 114 Айна Ескенқызы

Жедел уәкілдер үйде аса ірі мөлшерде марихуана сақтаған Риддер қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде 7 200 грамнан асатын, құрамында өсімдік тектес есірткі затына ұқсас зат салынған екі картон қорап пен екі қағаз орамасы бар  қара пакет, сондай-ақ есірткі құралдарын қолдануға арналған ыдыс табылды.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілген, оның қорытындысына сәйкес пакеттің ішіндегі заттың  кептірілген марихуана екені белгілі болды.

Тәртіп сақшылары есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сатып алу, сақтау, тасымалдау фактісі (өткізу мақсатынсыз) бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктіні жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив