Ұлан ауданынан 30 тоннаға жуық көмек жөнелтілді
Су басқан аймақтарға өңір-өңірден гуманитарлық көмек жіберіліп жатыр. Игілікті бастамаға Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының тұрғындары да өз үлесін қосты.
Ұлан ауданы су басқан өңірлерге 3 тоннаға жуық азық-түлік пен қажетті заттар және 26 тонна ауыз су жіберді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жиналған гуманитарлық көмектің ішінде азық-түлік, киім-кешек, аяқ киімдер, гигиеналық құралдар мен дәрі-дәрмектер бар.
– Еліміздің өзге өңірлерінде су апатынан зардап шеккен отандастарымызға көмек көрсетілуде. Осы бір күрделі кезеңде ұландықтар береке-бірлік танытып, гуманитарлық көмекке атсалысты. Аудан атынан 3 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтілді. Оның ішінде азық-түлік, киім-кешек, аяқ киімдер, гигиеналық құралдар мен дәрі-дәрмектер бар, – деді Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Лязиза Кенжетаева.
Оқи отырыңыз