KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Шығыс Қазақстан облысының әкімі: Тазалық - бүкіл елдің жұмысы

Фото: api.dobro.press

26.04.2024, 11:15 104 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қатысты пікір білдірді.

Аймақ басшысы тазалық мәселесі Президенттің бақылауына көшіп отырғаны дұрыс емес екенін алға тартты. Оның айтуынша, көшелерді абаттандыру адамдардың күнделікті жұмысына айналу керек, ол үшін сенбілік ұйымдастырудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Altainеws.kz тілшісі.

- Бұл біздің күнделікті жұмысымыз болу керек. Неге біз осы сұрақтарға жоғары биліктің араласуына жол беріп отырмыз? Бұл ұят. Сенбіліксіз де жүргізілетін жұмыс. Оған өз еркімен, патриоттық сезіммен сенбілікке шыққан волонтерларды тартып, солармен бірге жұмыс істеу керек. Тазалық деген – бүкіл елдің жұмысы. Ел дегеніміз – әр адам, - деді әкім.

Сондай-ақ облыс әкімі басқармаларды, әкімдіктерді өз ауылдарын тазалаймыз деген адамдарға қолдау көрсетіп, жағдай жасап беруге шақырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив