KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 3 м/с, ОШ
471.83 505.66 5.4

ШҚО құтқарушылары жазғы лагерь тәлімгерлерін оқытты

22.05.2024, 16:06 92 Ержан Әбіш

ШҚО ТЖД мамандары жазғы балалар лагерлерінде, жасөспірімдер клубтарында жұмыс істейтін қызметкерлерге, сондай-ақ облыстағы мектептердің мұғалімдеріне қауіпсіздік ережелері мен алғашқы көмек көрсету әдістерін үйретті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Мақсат – балалардың демалысын қауіпсіз ету. Бірнеше күн бойы тәлімгерлер, мұғалімдер дәрігерлер келгенге дейін алғашқы көмек көрсетуді, өрт, жер сілкінісі кезінде әрекет етуді, судағы қауіпсіздік шараларын үйренді. Төтенше жағдайдағы персоналдың іс-қимыл тәртібі, эвакуация жүргізу негіздері үйретілді, – деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Куатбек Кенжебекұлы.

Лагерь қызметкерлері сабақтарға қызығушылықпен атсалысты. Әр қатысушы курстардан өткені туралы сертификат алды.

Енді олардың алдында үлкен міндет тұр, ол – жазғы каникул кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив