KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Ермек Көшербаев: «Жылыту жүйесін күтіп ұстайтын үйлерде қыста жылы болады»

Фото: Аяужан Утеулинова

29.05.2024, 12:18 77 Ержан Әбіш

Облыс әкімдігінің мәжілісінде аймақ басшысы Ермек Көшербаев жылыту маусымына дайындық бойынша халықтан түсетін орынды шағымдарға қарамастан, тұрғындар да өз үйлерінде жылуды сақтау бойынша әрекет жасауға тиіс екенін атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыс әкімі қоғамдық даму басқармасына, энергетика және ТҮКШ басқармасына, сондай-ақ қалалар мен аудандар әкімдіктеріне Пәтер иелері кооперативтері, Мүлік иелерінің бірлестіктері арқылы жылу шығынын азайту жөнінде ақпараттық жұмыс жүргізуді тапсырды.

– Шананы жазда сайлау керек. Өйткені біз жылу жүйесін күтіп ұстайтын, құбырларды уақытында жуып, сығымдап отыратын үйлерде қыста жылы болатынын көріп отырмыз, – деп атап өтті Ермек Көшербаев.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив