KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
495.95 524.37 4.98

Ермек Көшербаев: «Біз Риддер тұрғындарына барлық заңды жолмен көмектесуіміз керек»

29.05.2024, 11:59 80 Айжанат Бақытқызы

Өткен жылдың желтоқсан айында «ЛК ГЭС»-тен рұқсат етілмеген су ағызылып, соның салдарынан Риддердегі бірнеше тұрғын үйді су басқан еді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сол жағдайдан кейін меншік иесі залалды өтеу бойынша барлық мәселелер шешілетініне уәде берген. Алайда, осы уақытқа дейін ештеңе жасалмады. Бұл мәселе облыс әкімдігінің отырысында талқыланды.

- Барлық мәселелерді меншік иесі шешеді деген уағдаластық болды. Біз оның сөзіне сенгендіктен, жағдай бақылаудан шықты. Енді тұрғындарға барлық заңды жолмен көмектесуіміз керек, - деп атап өтті аймақ басшысы Ермек Көшербаев.

Сондай-ақ, өңір басшысы барлық гидро-техникалық құрылыстар: бөгеттер мен су қоймаларының жай-күйін тексеру қажет екенін атап өтті.

Олардың жағдайы туралы үнемі хабарлап, апатты жағдайлардың алдын алу үшін жазғы кезеңде жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу