KZ
Өскемен
-7°
туман жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

3 маусымда дабыл белгісі іске қосылады – ШҚО

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

31.05.2024, 12:40 85 Ержан Әбіш

3 маусымда сағат 10-00-де Шығыс Қазақстанда «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында радио мен телеарналарға қосылу арқылы сиреналар, сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосылады.

Егер Сіз жұмыста, қоғамдық орында, көшеде сирена дыбысын естісеңіз, дереу ұялы телефон арқылы радионы қосуыңыз керек. Үйде сигналды естігеннен кейін теледидарды дереу қосып, келесі әрекеттер туралы ақпаратты мұқият тыңдау керек.

Сондай-ақ ақпарат «Дәрмен» мобильді қосымшасында және ШҚО ТЖД-ның Инстаграмдағы парақшасында орналасады.

Балаларға сиреналардың дыбысы «Баршаның назарына» дегенді білдіретінін түсіндіру керек. Оны естігенде қорқудың қажеті жоқ, бірақ оның себебін түсіндіруді күту керек.

Көршілерге де хабарлау керек, олар берілген ақпаратты естімеген болуы мүмкін. Дүрбелең мен қауесеттің кез келген көрінісін дереу тоқтатыңыз. ТЖД ескерту жүйесі жаттығуларына түсіністікпен қарауды сұрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив