Экология министрі Алтай ауданының тұрғындарымен кездеседі
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 14 маусым күні Алтай ауданының тұрғындарымен кездеседі.
Кездесу Алтай қаласы, Садовая көшесі, 1, «Горняк» мәдени-демалыс орталығында өтеді. Бұл туралы ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Кездесуге келе алмайтын тұрғындар үшін экология және табиғи ресурстар министрлігінің және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ресми парақшасында, Facebook және Youtube әлеуметтік желілерінде тікелей көрсетілім ұйымдастырылады.
Сондай-ақ Алтай ауданына жұмыс сапары барысында азаматтарды жеке қабылдау, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг өткізу жоспарланған.