KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 4 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Өскемендік ғалымның авторлық курсы әлемдік «Сoursera» платформасына енгізілді

27.06.2024, 10:00 55 Ержан Әбіш

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті биология кафедрасының профессоры Гүлназ Садықанованың авторлық курсы белгілі «Сoursera» платформасына енгізілді. Бұны отандық жоғары білім «экспортының» бастауы деуге болатындай, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Сourserа» – әлемдегі беделді жоғары оқу орындарындағы профессор, оқытушылардың курсын оқуға мүмкіндік беретін онлайн білім беру алаңы. «Сoursera.org» сайтындағы деректерге сүйенсек, бұл білім платформасын қазір 148 миллионнан аса адам қолданады.

Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен әлемдік деңгейдегі озық оқу орындарының білім беру платформасын қазақстандық студенттерге онлайн тегін пайдалануға жағдай жасады. Нәтижесінде, шетелдік үздік дәрістер қазақ тіліне аударылды. Еліміздің студенттері «Coursera»-дағы әлемнің алдыңғы ондығына кіретін университет профессорларының 100-ден аса курсын қазақ тілінде оқыды. Міне, екіжақты келісімнің тағы бір тиімді тұсы, кезекті жетістігі десек болар. Қазақстандық жоғары оқу орнының оқытушы-профессорлар құрамы енді әлемге әйгілі өздерінің авторлық дәрістерін «Coursera» платформасына енгізуге мүмкіндік алды.

Аманжолов университетінің қауымдастырылған профессоры Гүлназ Садықанова авторлық курсын «Coursera» платформасына ұсынды. Оның «Эукариоттық жасушаның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуы немесе жасушаға саяхат» деп аталатын онлайн-курсы әлемдік білім платформасының техникалық талаптар мен мазмұндық бөлік бойынша оң сараптамалық қорытындысын алды. Профессор «Coursera Kazakhstan» командасымен бірлесіп, курс материалдарын «Coursera» әлемдік платформасына жүктеді. Осылайша, ол «Coursera қазақ тілінде» жобасы аясында авторлық жұмысты платформаға орналастырған алғашқы отандық ғалым атанып отыр.

– Менің зерттеу пәнім – жасуша биологиясы. Курстың мақcаты – жаcушаны күрделі биологиялық жүйе ретінде зерттеу, оны физиология, генетика, молекулалық биологияны меңгеруде қолдану. Менің жұмысымда жасуша теориясы, жасушаларды ұйымдастыру түрлері, эукариоттық жасушаның құрылымдық-функционалдық жүйелері, генетикалық ақпаратты сақтау, көбейту және енгізу жүйесі туралы соңғы мәліметтер берілген, – дейді профессор.

Ол өзінің авторлық курсын университеттегі «EdSmart Premium» интерактивті бейне­жазбасының жаңа мультимедиялық студиясында сапалы дайындауға мүмкіндік алды. Цифрлық зертхана бейне-аудио жабдықтармен жарақталған, бұл оқытушыларға заманауи әдістер мен құралдарды пайдалана отырып, «Coursera» платформасы үшін білім беру контенті мен курстарын дайындауға жағдай жасайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив