Мердігер ұйымдар қаза тапқан краншының отбасына қолдау көрсетеді - ШҚО
сурет: 365info.kz
Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше ШҚО Күршім ауданының Маралды ауылындағы карьерде қауіпсіздік техникасын сақтамаған жұмысшы қаза тапқан.
Қосалқы мердігер ұйымдар – «Мырзатаев» ЖК мен «Стройград» ЖШС мерт болған краншының отбасына қолдау көрсететін болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
31 жастағы жұмысшының артында үш баласы қалды. Мердігерлер марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, өтемақы төлеп, материалдық көмек көрсететіндіктерін жеткізді.
Оқиға орнында мемлекеттік еңбек инспекторы жұмыс істеп жатқанын айта кетейік. Болған жағдайға толыққанды талдау жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз
ШҚО-да өндіріс орнындағы жазатайым оқиғаны тексеретін арнайы комиссия құрыладыҚауіпсіздік техникасын сақтамау салдарынан карьерде жұмысшы қаза таптыҚаза тапқан кеншілердің отбасына қандай көмек көрсетіледі?4 млн теңге. Ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына материалдық көмек көрсетіледіҚаңтар оқиғасы: қаза болғандардың отбасына 7 миллион теңге беріледі