KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 1,5 м/с, ОШ
474.57 513.63 5.53

ШҚО құтқарушылары балалар лагерінде қауіпсіздік күнін өткізді

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
4.07.2024, 10:32 62 Ержан Әбіш

ШҚО ТЖД құтқарушылары туристік лагерьде балаларға арналған қауіпсіздік күнін өткізді, деп хабарлайды Altainews.kzтілшісі.

Белсенді және жігерлі балалар ТЖ қызметкерлерін қызығушылықпен тыңдап, құтқару телефондарының нөмірлерін айтып берді.

Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері балаларды зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге үйретті, бұл дағдылар әсіресе туристерге қажет, өйткені саяхатта адам түрлі жарақат алуы мүмкін. Балалар дәрігерлерді сұрақтың астына алып, олардан білікті жауаптар естіді, тіпті өздері арнайы манекенге «жан бітірді».

Өрт сөндіруші болып жұмыс істеудің қандай екенін байқап көру үшін балалармен эстафета өткізілді. Кезеңдерде шартты жалынды сөндіруде шеберлікті, ептілік пен жылдамдықты қолдану қажет болды.

Сондай-ақ балалар жедел-құтқару жасағының кинологиялық қызметімен танысты. Төрт аяқты құтқарушы Хит күннің «хиті» болды. Ит барлық жасырынған балаларды тез тауып алып, кинологқа үріп белгі берді, бұл кішкентай туристерге үлкен әсер қалдырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив