Елімізде су ресурстарын реттеу комитеті құрылды
Фото: depositphotos.com
Су ресурстары және ирригация министрлігінде су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөнінде комитет құрылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Жаңа комитет судың «қара нарығымен» күресті күшейту мақсатында құрылды.
Ол суды заңсыз пайдаланумен және оны есепке алу деректерінің бұрмалануымен, сонымен қатар еліміздің су нысандарындағы құқыққа қайшы шаруашылық қызметпен күреседі.
– Министрлік суды заңсыз пайдаланумен белсенді күрес іс-шараларын қолға алды. Бұл мәселе ерекше бақылауда. Жаңа комитеттің жұмысы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және еліміздің су ресурстарын қорғауға бағытталған. Бұл жұмыстар заңнамаға енгізілетін өзгерістермен бірге судың «қара нарығына» қарсы күресті едәуір күшейтуге тиіс, – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Оқи отырыңыз