KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

Риддердегі үйлердің қабырғасына ерекше суреттер салынды

1.09.2024, 23:00 300 Назерке Каримова

Риддер қаласында Конституция күні мен Абай күнін орай екі мұралдың салтанатты ашылуы өтті.

Қабырға суреттерінің бірі қазақ ойшылы Абай Құнанбайұлына арналса, екіншісі есімдері тек елде ғана емес, халықаралық дәрежеде танымал Риддер қаласының спортшыларының құрметіне арналады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Біз мәдениетті, дәстүрді насихаттау, халқымыздың еңбек сіңірген қайраткерлерін дәріптеу аса маңызды деп санаймыз. Абай Құнанбаев - көрнекті қазақ ақыны, жаңа қазақ жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, ағартушы, композитор, жазушы, ойшыл және қоғам қайраткері. Оның шығармашылығы мен философиясы қазақ мәдениеті мен руханиятының дамуына әлі де үлес қосуда, – дейді Риддер қаласының әкімінің орынбасары Ерболат Ошақбаев.


Арт-нысан риддерліктердің де көңілінен шықты. Тұрғындар Абай Құнанбаевқа арналған мурал оның мұрасына деген зор құрметтің белгісі деп санайды. Риддер спортшыларына арналған екінші мурал түрлі спорттық ареналарда өнер көрсетіп жүрген жергілікті спортшылардың күшін, төзімділігін және жетістіктерін білдіреді.

Көше-арт нысандарының ашылуы аясында Өскемен және Зайсан қалаларында халық ойындарының жүлдегерлері атанған Риддер спортшыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл жарысқа Риддерден 130 спортшы қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өз қалаларының намысын лайықты түрде қорғады.

ФОТО: Екатерина Скударнова 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив