Бұқтырма су қоймасындағы көпір құрылысы республикалық бюджеттен қаржыландырылады
Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын болады.
Бұл туралы облыс әкімі Ермек Көшербаев бүгін Самар ауданының тұрғындарымен өтіп жатқан есептік кездесуде айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Аймақ басшысының шақыруымен осы жылдың қыркүйек айында еліміздегі ең ірі көпірдің құрылысымен танысу үшін көлік министрі Марат Қарабаев келген. Осы сапарында ведомство басшысы көпір құрылысын 2024 жылдың соңында аяқтауды тапсырды.
Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстанға келген сапарында Марат Қарабаев құрылысқа жауапты мердігерлермен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстың барысын көзбен көрген.
Қазір аталмыш нысан мемлекет балансына берілді, енді ол республикалық бюджеттен қаржыландырылатын болады.