Балалар суициді: 15 мың сайт пен сілтеме бұғатталды
Фото: depositphotos.com
Бас прокурор Берік Асылов кейінгі кезде балалардың өзіне-өзі қол жұмсау дерегі көбейгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.
– Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Жалпы, әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттауға қол жеткізді, – деп жазды «Х» әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Сондай-ақ қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеліп жатқанын атап өтті. Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешені әзірленеді.
Оқи отырыңыз