KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
488.26 530.54 5.03

ШҚО дәрігерлері жарылған менискіні ота арқылы қалпына келтіреді

11.10.2024, 10:00 78 Айна Ескенқызы

Медициналық ұйымның дәрігерлері  тәжірибелерінде болған бір мысалмен бөлісті. Облыстық аурухананың  ортопед-хирургтері самарлық науқастың тізесіне заманауи ота жасап, оны  аяғынан тік тұрғызды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ӘМСҚ облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жуықта облыстық ауруханаға Самар ауданының тұрғыны тізесінің қатты  ауыратынына шағымданып, келіпті. Ол осыдан жеті жыл бұрын шаңғы теуіп жүргенде  құлағанын есіне алды.  Сол кезде аяғының ауырсынғанын бір-екі күннен кейін ұмытып, бұрынғыдай шапқылап кеткен. Содан кейін тізесі анда-санда ауырып жүргенімен,  тез басылып қалатын және жанына аса бата қоймаған. Ал биыл тізесінің ауырғаны күшейіп, ер адам тізесін не бүгіп, не жаза алмай қалады. Науқасты тексерген дәрігерлер оған тізе буынының менискі жыртылғанын айтып,  артроскопияны ұсынады. Яғни,  буынға  теріде жасалған тесіктер арқылы тікелей енгізілетін жіңішке оптикалық және механикалық құрылғылармен заманауи операция жасау.      

Ер адам бірден келіспегенін айтады. Алдымен интернеттен оның не екенін қарап, пікірлерді оқып, содан кейін ғана бір шешімге келіпті.

– Операциядан екі ай бұрын  порталда өзіме ыңғайлы күнді таңдадым, барлық талдауларды өзіміздің аудандық ауруханада тапсырдым. Операцияны монитордан бақылап отырдым, менің буынымда болып жатқанның бәрі өте қызықты болып көрінді маған. Бірінші күні тұруға болмайды деді, тағы  екі күн балдақпен жүрдім, енді төртінші күні мен балдақты да тастадым, әрине,  әлі тез жүре алмаймын, көп жүктеме бермеймін. Тізем енді ауырмайды, ісігі де басыла бастады. Бірнеше күннен кейін үйге шақыруға уәде берді. Шыққаннан кейін бір-бір жарым аптадан соң жұмысқа бара аламын деп ойлаймын – менің жұмысым отырып істейтін жұмыс, – деді Шыңғыс Сыбаржанов.
– Дәрігерлерге сәтті ота жасағаны әрі шеберлігі үшін өте ризамын. Жалпы, аурухананың барлық қызметкерлеріне кәсібилігі мен қамқорлығы үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ, МӘМС жүйесінде сақтандырылғанымның арқасында мен үшін құны 250 мың теңге болатын бұл жоспарлы көмек тегін болғанын айтқым келеді, – деп қосты ризашылық білдірген науқас.
– Мениск – бұл тізе буынындағы шеміршек. Ол қанмен өте әлсіз қамтамасыз етіледі,  сондықтан жыртылса, өздігінен жазылмайды және консервативті емдеу көп жағдайда нәтиже бермейді. Сол себепті біз аз травматикалық хирургия – артроскопияны ұсынамыз.  Біз шағын құралдарды тікелей буынға енгіземіз және менискті тігеміз немесе зақымдалған бөліктерді алып тастаймыз. Біз мұндай оталарды жақсы меңгердік және өзімізде бұрыннан жасап келеміз. Оңалту мерзімі өте аз. Екінші күні пациенттер тұрып, балдақпен жүре алады. Шамамен бір жарым айдан кейін күнделікті белсенді әдеттеріне қол жеткізіледі. Екі-үш айдан кейін толық оңалғаны туралы айтуға болады, – деп түсіндірді ортопед-хирург Данияр Мусин.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив