Онкоқызметті бағалау тобы Глубокое ауданында болды
Глубокое ауданына құрамында облыстың штаттан тыс бас онкологы Гүлмира Сағидуллина және Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының мамандары бар онкологиялық қызметтің жағдайын бақылау және бағалау тобы келді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мониторингтік топ алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіндегі онкологиялық қызметтің жұмысына талдау жасап, қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау жағдайын, онкологиялық пациенттің тезірек тексерілуіне мүмкіндік беретін «Жасыл дәліз» жобасының қалай жүзеге асып жатқанын тексерді.
Жұмыс барысында мониторинг және бағалау тобының мүшелері МСАК мамандарына әдістемелік көмек көрсетті, сондай-ақ онкологиялық қызметтің қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар берді.
Глубокое ауданының әкімдігінде онкологиялық орталықтың мамандарымен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін атап өтті. Жақын арада аудандағы МСАК мамандары облыстық онкологиялық орталыққа біліктіліктерін ұштауға жіберіледі