KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
504.34 556.34 5.97

ШҚО-да дауылды ескерту

pexels.com

18.12.2024, 19:00 210 Төлеуғазы Жансая

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 19 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында шығыстан және оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың шығысында және оңтүстік-шығысында желдің екпіні 15-18 м/с дейін күшеюі күтілуде,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД ескертеді:

  • Елді мекендерден тыс жерлерге шықпаңыз.
  • Автокөлікпен қозғалыс кезінде жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтықты қатаң сақтаңыз.
  • Жаяу жүргіншілерге тайғақ жерлерде құлаудан сақ болу үшін асықпай жүру ұсынылады.
  • Желдің күшеюі кезінде электр сымдарына және тербелетін заттарға жақындамаңыз. Ағаштардың астында немесе автобус аялдамаларының артында тұрудан аулақ болыңыз.
  • Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда «101» немесе «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу