KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 1 м/с, С
474.83 515.38 5.5

ШҚО әкімі: ақпараттық-түсіндіру жұмысын жаңа деңгейге көтеру керек

29.05.2024, 14:27 77 Ләззат Қанатқызы

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев кез келген табиғи апаттың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ақпараттық-түсінідіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

-              Өрт болсын, су тасқыны болсын ең бірінші мәселе – халықтың қауіпсіздігі. Сондықтан әр ауданда, әр елді мекенде тиісті жоспар жасалғаны дұрыс. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын заманауи деңгейге көтеруіміз қажет. Қағаздағы ақпаратты ешкім оқымайды, тұрғындарды жинап, жиналыс өткізудің де пайдасы шамалы. Қысқаша роликтер жасап, әлеуметтік желі арқылы таратқанда үлкен аудиторияны қамтуға болады. Қазір бәрінің қолында смартфон бар. Интернет бар. Технологияның игілігін кәдеге жаратуымыз керек. Осы орайда облыстық ішкі саясат басқармасына аудан әкімдерімен және жауапты басқарма басшыларымен жұмысты күшейтуге тапсырма беремін, - деді аймақ басшысы.

Шығыс Қазақстан облысында орман өртінің алдын алу үшін ұзындығы 81 шақырым минералдандырылған жолақтар орнату және 68 шақырым орман жолдарын жөндеу жоспарланған.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметіне сүйенсек, кейінгі алты жылда облыстық бюджеттен орман шаруашылығының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1 млрд 960 млн теңге қаржы бөлінген.

-              Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы халықты ақпараттандыру бойынша семинарлар, әңгімелер, парақшалар тарату, газет-журналдар мен интернет-ресурстарда мақалалар жариялау арқылы жұмыс күшейтілді. Орман мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуын нығайту жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде. Өрттің қауіпті кезеңінде  алдын алу жұмыстары жалғаса береді, - деп атап өтті облыс әкімдігінің отырысында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Есентаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив