KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Қазақстан Моңғолияға асыл тұқымды қойларды экспорттайтын болды

16.09.2024, 10:30 21 Қуаныш Рахметоллаұлы

ҚР ауылшаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Самат Төлегенов Моңғолия ветеринария бас басқармасының өкілдері Батсух Басаан және Дэлгэрмаа Басаанмен кездесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Кездесу барысында ветеринария саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері, соның ішінде Қазақстаннан Моңғолияға асыл тұқымды қойларды экспортатау мәселесі талқыланды.

Осы жылдың тамыз айында екі елдің ведомстволары экспорталатын тауарлық және асыл тұқымды қойлар мен ешкілерге арналған ветеринариялық сертификаты келіскен болатын. Қыркүйек айының басында Моңғолия өкілдері Түркістан облысының шаруашылықтарына ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігі бойынша тексеріс және тәуекелдерді бағалау жүргізді. Ветеринариялық қызметтің құрылымы мен елде жүргізіліп жатқан ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар оң бағаланды.

Сондай-ақ, тараптар Ветеринарлық бақылау және бағалау комитеті мен Моңғолияның Бас ветеринария басқармасы арасында өзара ынтымастық туралы жаңа меморандум жобасын талқылап, ветеринариялық мамандар мен ұлттық ветеринариялық зертханалар қызметкерлері арасында тәжірибе алмасуға келісті.

                                                                   Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу