KZ
Өскемен
-16°
туман Штиль
497.89 520.89 5.47

"Шемонаиха-Секисовка" тас жолы ашық

14.02.2025, 10:00 415 Төлеуғазы Жансая

"ОблШығысЖол" ЖШС-нің ақпараты бойынша, 2025 жылғы 14 ақпанда сағат 10:00-ден бастап "Шемонаиха-Секисовка" (0-56 км) бағытындағы облыстық маңызы бар автожол учаскесінде қозғалысқа шектеу жеңіл көліктер мен тұрақты жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын автобустар үшін алынып тасталды.

Алайда, рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3,5 тоннадан асатын жүк көліктері мен тіркемесі немесе жартылай тіркемесі бар көлік құралдары үшін шектеу күшінде қалады.  

Жүргізушілерден жол жағдайын ескеріп, сақтық шараларын ұстануды сұраймыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу