Елімізде АЭС салынатын орын анықталды

pixabay.com
2024 жылғы 30 желтоқсандағы Үкімет қаулысына сәйкес «Атомдық электр станциясы» ядролық қондырғысының салынатын ауданы бекітілді. АЭС-ті салу орны ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы таңдалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Атомдық электр станциясының салынатын ауданы туралы қаулы 2025 жылғы 25 ақпанда күшіне енді.
Қазіргі уақытта АЭС-ті қай компания немесе компаниялар тобы салатыны белгісіз.
Атом энергетикасы саласын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада алғашқы АЭС-тің реакторлық технологиясын ұсынатын әлеуетті жеткізушілердің ұсыныстары қарастырылып жатқаны айтылды.
Қазір ықтимал жеткізушілер ретінде CNNC (Қытай, HPR-1000 реакторы), «Росатом» (Ресей, ВВЭР-1200 реакторы), KHNP (Оңтүстік Корея, APR-1000, APR-1400 реакторлары), EDF (Франция, EPR1200 реакторы) компаниялары қарастырылуда.
Ержан Әбіш