KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 1 м/с, З
502.89 527.03 5.71

Үкімет шаруаларды қолдауға 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлді

Pexels.com

Бүгін, 13:00 62 Төлеуғазы Жансая

Қазақстан Үкіметі отандық шаруаларды қолдау мақсатында резервтен 116 млрд 772 млн теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.  

Бұл шешім 2025 жылғы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырма аясында қабылданды. Президент көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарына кемінде 700 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырған болатын.  

Бөлінген қаражат:  
- Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолжетімді несие беруге;  
- Шаруалардың қаржылық жағдайын тұрақтандыруға;  
- 2025 жылғы көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын сапалы жүргізуге;  
- Отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға бағытталады.  

Қаржы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ мен "ҚазАгроҚаржы" АҚ облигациялары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау арқылы іске асырылмақ. Сондай-ақ, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ тарапынан несие шарттарын кепілдендіру комиссиясын арзандату шаралары қарастырылған.  

Еске сала кетсек, Үкімет 2024 жылдың желтоқсан айында 2025 жылғы көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын қаржыландыруға алғашқы 100 млрд теңгені бөлген болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу